Қостанай облысында кәсіпкерлерді бопсалаған 10 адам ұсталды
Қостанай облысында кәсіпкерлерді бопсалаған 10 адам ұсталды
293
оқылды
Қостанай облысында бопсалаумен айналысып келген 10 адам күдікті ретінде қамауға алынды, –  деп хабарлайды Polisia.kz. Қостанай облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы  қызметкерлері облыс аумағында ұзақ уақыт бойы бопсалаумен және өзге де қылмыс түрлерімен айналысып келген қылмыстық топты ұстаған. Аталған басқарма бастығы Серік Байғоновтың айтуынша, жедел шаралардың нәтижесінде өңірдің түрлі аумағында бопсалауға және басқа да қылмыс түрлеріне қатысы бар 10 күдікті ұсталды. «Қылмыстық топ облыс тұрғындарына қатысты 12 қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікке ілінді. Олардың арасында кәсіпкерлер де бар. Жалпы, шығын 10 млн теңгеден асты. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», делінген полиция мәліметінде. https://www.youtube.com/watch?v=U8q1afCqQhY