Маңғыстау облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты
Маңғыстау облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты
539
оқылды
Маңғыстау облысында болған жол апаты кезінде үш адам қаза тапты.
Өңірдің ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға 9 қаңтарда сағат 15:35-те орын алған. ZAZ Chance автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып King Long автобусымен соқтығысқан. Апат салдарынан оқиға орнында үш адам қаза тапты. Аталған факт ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес, Түпқараған ауданы ПБ ЕҚДБ-да "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соқтырудағы ЖҚЕ бұзушылық" бойынша тіркелген. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.