Ертең бірнеше өңірде сабақ онлайн өтеді
Ертең бірнеше өңірде сабақ онлайн өтеді
1,698
оқылды
10 қаңтар күні Астана мен бірнеше өңірде мектеп оқушылары ауа райына байланысты онлайн оқуға көшіріледі. Астана қаласында бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары, колледждердің 1 және 2-курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстыралады. Ақтөбе облысында 10-11 қаңтарда 0-11 сынып оқушылары онлайн оқиды. Абай облысының Семей қаласында бейсенбі күні бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің барлық курс студенттері үшін сабақ қашықтан өткізіледі. Ақмола облысының Көкшетау қаласында бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мектепке бармайды. Ұлытау облысында бірінші ауысымдағы 0-4 сыныптар үйден білім алады.