Алғаш рет тұрғын үй бағасы төмендеді

Алғаш рет тұрғын үй бағасы төмендеді

Қазақстанда 2018 жылғы наурыздан бері алғаш рет қайталама тұрғын үй нарығында баға төмендеді. Бұл туралы Ұлттық статис­тика бюросы хабарлады. Бюроның ақпаратына сүйенсек, 2022 жылғы соңғы бір ай ішінде республика ойынша пәтерлерді қайта сату құны 1,5 пайызға төмендеген. Бұл көрсеткіш Астанада – 5,1 пайыз, Шымкентте – 2,7 пайыз және Ақтауда – 1,6 пайыз. Сондай-ақ желтоқсанда абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы алдыңғы аймен салыстырғанда 1,6 пайызға төмендеген. Жаңа пайдалануға берген тұрғын үйді сату бағасы, керісінше, 0,4 пайызға қымбаттаған.