Ақмола облысында полицейлер мен өрт сөндірушілер жолда өртенген көлікті сөндірді
Ақмола облысында полицейлер мен өрт сөндірушілер жолда өртенген көлікті сөндірді
379
оқылды
Ақмола облысында полицейлер мен өрт сөндірушілер жолда өртенген көлікті сөндірді, деп хабарлады Polisia.kz.
9 қаңтарда сағат 13:00 шамасында Шортанды ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Астана – Петропавл автожолының 54-шақырымында Toyota Camry автокөлігі жанып жатқаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Оқиға орнына патрульдік полиция ротасының "Бакай 8 П1" экипажы дереу келді.
53 жастағы жүргізушінің айтуынша, Бозайғыр ауылының маңында кенеттен көліктен от шығып, капотының астынан түтін шыққан. Полиция қызметкерлері Қуаныш Мұқанов пен Данияр Таев шетелдік көлік жүргізушісі мен оның жұбайына көмек көрсетті.
Өрт сөндіру көлігінің автокөлікті кедергісіз сөндіруі үшін жол учаскесін жауып, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етті.