Данилина – үздіктер қатарында
Данилина – үздіктер қатарында
302
оқылды
Қазақстандық Анна Да­нилина жұптық сында алғаш рет әлемдегі үздік он теннис­шінің қатарына кірді. Данилина жаңартылған әлем­дік рейтингіде 11-ден 10-орынға көтерілді. Бұл – оның спорттық жолындағы жеке рекорды. Анна кеше үндістандық Саня Мирзамен бірге Аделаида-2 (Аустралия) WTA 500 турнирінің алғашқы айналымында осы жарыс­тың бірінші ракеткалары, чехиялық Барбора Крейчикова және аус­тралия­лық Сторм Сандерс жұ­бымен шеберлік байқасты. Тартысты кездесудің бірінші партиясында қазақстандық-үндіс­тандық жұп басымдық танытты – 6:3. Екінші сетте қарсыластары дәл сондай есеппен есе қайырды – 6:3. Супер тай-брейкте Б.Крейчикова мен С.Сандерс жеңісті жұлып алды – 10:6. Енді Данилина Мирзамен бірге жылдың басты турнирлерінің бірі – Аустралия ашық чемпионатында өнер көрсетеді.

Б.ИКРАМОВА