Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында алғаш рет әлемдегі үздік он теннисшінің қатарына кірді. Данилина жаңартылған әлемдік рейтингіде 11-ден 10-орынға көтерілді. Бұл – оның спорттық жолындағы жеке рекорды. Анна кеше үндістандық Саня Мирзамен бірге Аделаида-2 (Аустралия) WTA 500 турнирінің алғашқы айналымында осы жарыстың бірінші ракеткалары, чехиялық Барбора Крейчикова және аустралиялық Сторм Сандерс жұбымен шеберлік байқасты. Тартысты кездесудің бірінші партиясында қазақстандық-үндістандық жұп басымдық танытты – 6:3. Екінші сетте қарсыластары дәл сондай есеппен есе қайырды – 6:3. Супер тай-брейкте Б.Крейчикова мен С.Сандерс жеңісті жұлып алды – 10:6. Енді Данилина Мирзамен бірге жылдың басты турнирлерінің бірі – Аустралия ашық чемпионатында өнер көрсетеді.
Б.ИКРАМОВА