Алматы облысында салонында 79 бала бар автобус тауда қалып қойған
Алматы облысында салонында 79 бала бар  автобус тауда қалып қойған
Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданының "Ақбұлақ" спорт-сауықтыру кешенінде автобустың көктайғақ салдарынан жол жиегіне шығып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Автобус салонында 79 бала болған, деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі. Оқиға орнына ТЖ департаментінің қызметкерлері мен жол қызметі дереу жіберілген.
“Сағат 11:58-де шақырту орнына келген соң, балалар мен тәлімгердің 2023 жылдың 3 қаңтарынан бастап "Айба" спорт комплексінің аумағында бизнес-оқытуда болғаны анықталды. Оларды тасымалдаған автобустың жеке көлік компаниясына тиесілі екені белгілі болды. Аталған компания басқа автобус ұсынып, осылайша балалар Алматы қаласына басқа автобуспен жетті”, - деп хабарлады ведомство.