Месси мен Роналду кездеседі
Месси мен Роналду кездеседі
613
оқылды
Лионель Месси мен Криштиану Роналду ойнайтын Фран­ция­ның «Пари Сен-Жермен» және Сауд Арабиясының «Аль-Наср» футбол клубтары 19 қаңтарда жолдастық кездесу өт­кізеді. Франциялық клуб қысқы оқу-жаттығу жиынының күнтізбесін жариялады. Команда аталған дайындықты жылда Сауд Арабиясы мен Катарда өткізіп келеді. «Пари Сен-Жермен» 17 қаңтарда Катар астанасы Доха қаласына келеді. Онда 2022 жылғы Әлем чемпионаты өткен стадиондардың бірінде жаттығу жұмыстарын жасайды. Одан кейін 19 қаңтарда жергілікті «Аль-Наср» және «Аль-Хиляль» клубтарымен жолдастық кездесу өткізеді. Содан кейін қайтадан Парижге аттанып кетеді. Айта кетсек, «Аль-Наср» командасында португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду ойын көрсетеді. Ол аталған клубпен өткен жылдың соңында келісімшартқа қол қойды.

Б.ИКРАМОВА