Түркістанның бас полицейі тұрғындарды қабылдады
Түркістанның бас полицейі тұрғындарды қабылдады
281
оқылды
Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, по­­лиция генерал-майоры Мұрат Қабденов «AMANAT» пар­тия­сы Түркістан өңірлік фи­лиа­лы­ның қоғамдық қа­был­дау бөлмесінде азамат­тар­мен кездесті. Полиция ге­нерал-майоры тұрғындар­мен еркін, әрі ашық байланыс орнату үшін, яғни қарапайым ха­лыққа қандай да бір ыңғай­сыз­дық туғызбау үшін қабыл­дауды қызмет формасынсыз өткізді. Қоғамдық қабылдауға Поли­ция департаментіне қарасты бір­қатар салалық бөлімдер қатысты. Олардың ішінде тергеу, кадр, кри­ми­налдық полиция және әкім­шілік полиция басқармаларының басшылары бар. Өңірдің бас полицейі 10 аза­мат­тың арыз-өтінішін бетпе-бет жүздесе отырып тыңдаса, тікелей эфир арқылы онлайн режимде қойылған сұрақтарға да нақты жауап беріп, ұсыныс-пікірлерді назарға алды. Мәселен, Қазығұрт ауданынан келген Б.Серікбаев есімді тұрғын Қақпақ бағытындағы облыстық маңызы бар жолға камера қойыл­са, мал ұрлығы азаятын еді деген ұсы­нысын жеткізді. Мұрат Талап­ұлы бұл жағдайдың назарда еке­нін, аталған бағытқа камера қою 2023 жылдың бюджетіне енгізіл­генін ха­барлады. Мұнан бөлек алаяқ­тық, кибершабуыл, жол кө­лік апат­тары, сергек бейнеба­қы­лауын іске қосу және өзге де ша­­­­ғым­дарға түсіндірмелер, ке­ңес­­тер беріліп, айтылған күрделі мә­се­лелер бас полицейдің бақы­лауы­на алынды.
Шара соңында полиция ге­нерал-майоры Мұрат Қабденов қа­былдауға аяқсыз қалған арыздар мен жеке құрамдағы кейбір поли­цейлердің іс-әрекетіне қатысты сын-пікірлер айтқан біраз тұр­ғын­ның келгенін атап өтті. «Алайда келу­шілердің арасында полиция жұмы­сына алғыс айтқандар да бар­шылық. Осы ретте халықпен тіке­лей диалог құру және ашық­тықты нығайту мақсатындағы жұмыстар­дың берері мол деген ойдамын. Біздің міндет – қылмыс пен құқық бұзушылықтарға жол бермеу, осы жолда шаршамай, халыққа мінсіз қызмет атқара береміз», – деді ол.
Атап өтейік, Партия филиалы келіп түскен арыз-өтініштер оң­тайлы шешілгенге дейін полиция департаментімен бірлесіп, тиісті шараларды қабылдап отырады.

Түркістан облысы