«Астананың» жұмысын жандандыруды тапсырды
«Астананың» жұмысын жандандыруды тапсырды
353
оқылды
Мемлекет басшысы «Астана» ха­лықаралық қаржы орталығының бас­қарушысы Ренат Бектұровты қа­был­дады. Президентке қаржы нарығын, капитал нарықтары мен қызметтерін дамытуға қатысты АХҚО-ның жоспары баяндалды. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы ор­талығының жұмысын жандандыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді. Атап айтқанда, ше­телден инвестиция тартуға жан-жақты атса­лысуды, жаңа қаржы құралдарын дамытуды және ел экономикасының орнықты дамуына ықпал етуді тапсырды.