Аяз күшейіп, кей өңірде боран болғандықтан 10 қаңтар күні 12 аймақта мектеп оқушылары ауа райына байланысты қашықтан оқиды. Астана қаласында 1-ауысымның 0-11 (12)-сынып оқушылары, колледждердің 1 және 2-курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. Ақтөбе облысында 10-11 қаңтарда 0-11-сынып оқушылары онлайн оқиды. Абай облысының Семей қаласында 1-ауысымдағы 1-11-сынып оқушылары мен колледждердің барлық курс студенттері үшін сабақ қашықтан өткізіледі. Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында 0-11-сыныптар, Күршім ауданында 0-9-сыныптар, Ақмола облысының Көкшетау қаласында және Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында 1-ауысымдағы 1-11-сынып оқушылары мектепке бармайды. Ұлытау облысында бірінші ауысымдағы 0-4-сыныптар, сондай-ақ Қарағанды қаласында 0-9-сынып оқушылары үйден білім алады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Атырау облыстарында да 0-11-сынып оқушылары мектепке бармайды. Сабақты онлайн форматта оқуға мәжбүр.