Талдықорғандағы оқушы қыздардың төбелесі туралы полиция ресми мәлімет таратты   
Талдықорғандағы оқушы қыздардың төбелесі туралы полиция ресми мәлімет таратты   
2,286
оқылды
Әлеуметтік желіде Талдықорғандағы мектеп оқушыларының төбелескені туралы видео тарады. Жетісу облысы Полиция департаментінің өкілдері осы видеоға қатысты ресми мәлімет жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Tengrinews.kz-тің дерегінше, видео 9 қаңтарда Талдықорғандағы «Самал» ықшамауданында пәтерде түсірілген. Төбелеске қатысқан қыздардың бәрі анықталды.
«Бәрі кәмелетке толмаған. Облыс орталығы мен Қаратал ауданындағы мектепте оқиды. Жанжалдың себебі анықталып жатыр. Жәбірленуші қыз ресми өкілі әжесімен бірге арыз жазудан үзілді-кесілді бас тартты. Осыған қарамастан, ӘҚБтК-нің 73-1-бабында көзделген әкімшілік іс қозғалды (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру). Бұдан басқа, қол қойған күдіктілерге арналған материалдар әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссияның қарауына жіберілді», – делінген Жетісу облысы Полиция департаментінің хабарламасында.