Саяхаттауға болмайтын елдер
Саяхаттауға болмайтын елдер
5,139
оқылды
Қазіргі таңда Қытайда жағдай тұрақталып жа­тыр. 22 ақпанда аурудың өсу деңгейі 24 пайыз болса, 23 ақпанда 21 па­йыз болды. Бұл туралы Қазақстанның бас сани­тарлық дәрігері Жан­дар­бек Бекшин Орталық ком­муникациялар қыз­метінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім­деді. – Бұны қуанышты ақпарат деп айтуға болады. Өйткені біздің ең бірінші назарымыз Қытай Халық Республи­ка­сында болып отыр, – деді ол. Дегенмен бас санитарды коронавирус инфекциясы өр­шіп тұрған басқа елдер алаң­датады. – Оңтүстік Кореяда екі күн­нің ішінде ауру деңгейі 2-орынға жетті. Бұл ауру кө­бінесе Корея Республи­касы­ның екі провинциясында тір­­келіп жатыр. Осындай нә­т­ижелер бізді алаңдатады. Неге десеңіз, Оңтүстік Ко­реямен тығыз қарым-қатынас орнатамыз. Ол жақта біздің 23 мың азаматымыз, заңсыз миг­рация да бар, – деді Бекшин. Одан бөлек, коронавирус деректері тіркелген елдер тізімі мынадай: Италия – 144 жағдай; Жапония – 132 жағдай; Сингапур – 89 жағдай; Иран – 43 жағдай; Таиланд – 35 жағдай; Малайзия – 22 жағдай; Вьетнам – 16 жағдай. Денсаулық сақтау ми­нис­трлігінің мәліметінше, 2020 жылдың 6 қаңтары мен 23 ақ­панына дейінгі аралықта Қытайдан және Қытаймен шекаралас мемлекеттерден Қазақстанға 30 066 адам кірген, барлығы тексерілген. Бүгінге дейін 165 адам көп­ші­ліктен оқшауланып, емге жатқызылған, оның 158-і шы­ғарылып, 7 адам стацио­нар­лар­да медициналық бақы­лауда қалған.   Айдар ДӘУІТҰЛЫ