«АМАNАТ» партиясы үйі өртеніп, далада қалған көпбалалы отбасына көмектесті
«АМАNАТ» партиясы үйі өртеніп, далада қалған көпбалалы отбасына көмектесті
2022 жылы сәуірде «АМАNАТ» партиясы Теміртау қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Дина  Арапованың отбасы көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінді. Айта кету керек, Дина Дүзелбайқызы Теміртау қаласының тұрғыны. Бес баланың анасы. Олар ипотекаға үй алған болатын. Айына 95 мың теңге төлеп тұрған екен. Бірақ алған үйлері өртеніп кетеді. Кейін олар пәтер жалдап тұруға мәжбүр болады. Айына 55 мың теңге төлеу керек, ал  жұмысты отағасы ғана істейді.    width= Қиын жағдайға тап болған отбасы «АМАNАТ» партиясы Теміртау қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінен көмек сұрайды. Бұл өтінішті «АМАНАТ» партиясы Теміртау қалалық филиалының атқарушы хатшысы, мәслихат хатшысы, партия фракциясының депутаттары қарады да шешім шығарды. «10 күн ішінде 5-6 ай мерзімге жалдап отырған тұрғын үйдің пәтерақысын төлеуге қаражат жинап бердік. Сонымен қатар азық-түлік себетіне деген арнайы сертификат тапсырылды. Өртенген үй аумағынан күйіп қалған заттарды шығаруға және зақымданған жерлерін бұзуға көмектестік», дейді  «АМАNАТ» партиясы Теміртау қалалық филиалының атқарушы хатшысы Нұржан Ажиков.

Қарағанды облысы