Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасағаны үшін полиция бөлімінің бастығы ұсталды.
«9 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД және Маңғыстау облысы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы үшін Бейнеу ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Т. Есбағанбетовты ұстады», – делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.