Доллар бағамы 0,63 теңгеге төмендеді
Доллар бағамы 0,63 теңгеге төмендеді
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді. Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,63 теңгеге төмендеп, 1 доллар 461, 84 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 10 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 462, 49 теңге болды. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 463,5 теңге, сатып алу – 467 теңге. Ал  Астана қаласы бойынша сату бағамы – 462,5 теңгеден болса, сатып алу – 465,5 теңге. Ресей рублі 6,35–6,65 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ал Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 6,65 теңге.