Еріккен Еріктің ермегі
Еріккен Еріктің ермегі
179
оқылды
Абайдың 175 жылдығына орай «Азия Авто» АҚ бес жүз LADA Granta көлігін шығармақшымыз деп жар салды. Де­генмен көлікті ақынның атымен атауы әбестік емес пе?
«Абайдың 175 жылдығына орай «Азия Авто» АҚ бес жүз LADA Granta көлігін шығармақпыз. Кө­ліктер Classic жиынтығында бо­лады. Біз бұл серияны ақын Абай Құнанбайұлының мерейтойына арнауды ұйғардық. Әр көлікте ақынның өлеңдері, қара сөздері жазылған кітаптың жиынтығы бар. Сонымен қатар Abai175 жазуы бар шильт арнайы дайындадық», – деді «Азия Авто» АҚ бас директоры Ерік Сағымбаев.
Компания осы жылдың ба­сында «Қолжетімді автомобиль» бағдарламасын да ашқан. Ол ар­қылы қазақстандықтар 2 820 000 теңгеге жаңа көлік сатып ала ала­ды. Ал Abai175 автокөліктері ақпан айының соңында сатылымға шы­ғатыны белгілі болды. Құптарлық жоба болса да, кө­лікке Абайдың атын беру әбестік екені рас. Еріккен Еріктің тірлігі ұлы ақынды тақымға салып бер­ген­дей, «қой» дейтін біреу бол­сашы?!.   Әділ БЕК