Елорда әуежайында ауа райына байланысты 19 рейс кешігіп жатыр
Елорда әуежайында ауа райына байланысты 19 рейс кешігіп жатыр
© turkystan.kz
191
оқылды
Елорданың Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр, дегенмен  кейбір рейстер кешігіп жатыр. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлайды. Қазір  ұшып келуі тиіс 13 рейс, ұшып кететін   6 рейс кешігіп жатыр. Рейстердің кешігуіне ауа райы жағдайы мен осыған байланысты әуе кемелерінің кеш ұшуы себеп болған. Әуежайда, соның ішінде ұшып-қону жолағында қар тазалау жұмысы үздіксіз жүріп жатыр. Жолаушылар соңғы ақпаратты call-орталықтардан, сондай-ақ анықтама бөлімдерінен ала алады.