Қысқы демалыстан оралған Екібастұз қаласының оқушылары оқуға жаңа күшпен кірісуде
Қысқы демалыстан оралған Екібастұз қаласының оқушылары оқуға жаңа күшпен кірісуде
241
оқылды
«AMANAT» партиясының қолдауымен 3-9 қаңтар аралығында қысқы демалыстарын көңілді өткізген Екібастұз қаласының оқушылары жаңа оқу тоқсанына жаңа күш, жаңа леппен кірісуде. Төтенше жағдайдан кейін сол отбасылардағы балаларды лагерьлерге жіберу туралы партияның бастамасына Атырау облыстық филиал да үн қосып, кәсіпкерлердің көмегімен 57 бала «Сұңқар» демалыс орнына аттанған еді. Балалардың алаңсыз демалысы, қауіпсіздігі үшін арнайы 6 адам бөлініп, бірге жүрді. Жол шығыны, тағаммен қамтылуы қарастырылды. Қыс қызығын тамашалаған оқушылар шаңғы, коньки теуіп, салауатты өмір салтын ұстанып, қысқы спорт түрлерімен шұғылданды. Орманға саяхаттап, мәдени, көпшілік  іс-шараларға белсенді қатысты. Шат-шадыман қуанышқа кенелген оқушылар мен олардың ата-аналары аталған іс-шараны ұйымдастырып, ойдағыдай жүзеге асырған «AMANAT» партиясына алғыс білдіруде. Қашан да қол ұшын созып, көмекке келуге әзір тұратын партиямыздың мұндай ізгі үрдістерге араласуы – қалыптасқан дәстүріміз.