Аязға байланысты бірнеше өңірде оқушылар ертең қашықтан оқиды

Аязға байланысты бірнеше өңірде оқушылар ертең қашықтан оқиды

11 қаңтар күні ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде бірінші ауысымдағы оқушылардың сабағы онлайн форматқа ауыстырылды,-  деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атап айтқанда, Шымкент қаласында 1-8-сынып оқушылары үйден білім алады. Атырау және Ақтөбе облыстарында 0-11-сыныптар қашықтан оқиды. Абай облысының Семей қаласында 1-11-сынып оқушылары және колледждердің барлық курс студенттері онлайн білім алады.