"Қазгидромет" РМК ұсынған ақпарат бойынша, ел аумағының басым бөлігінде арктикалық антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз аязды ауа-райы сақталады. Алматы облысының таулы және тау етегінде орналасқан елді мекендерде қатты қар жауады. Сондай-ақ тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Алматы қаласында кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде Атырау облысында 30 градус қатты аяз күтіледі. Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде 40-41 градус қатты аяз болжанады. Түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында 40 градус қатты аяз күтіледі. Түнде Қарағанды облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты аяз болады. Түнде және таңертең Түркістан облысының тауларында мол қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, тау бөктеріндегі аудандарда тұман, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с құрайды. Түнде және таңертең Шымкент қаласында кей уақытта тұман күтіледі. Түнде Маңғыстау облысында 25 градус қатты аяз күтіледі. 12-13 қаңтардағы ауа райы болжамы: 12 қаңтарда түнде Қарағанды облысының басым бөлігінде 40-41 градус қатты аяз күтіледі. 12 қаңтарда түнде Улытау облысының шығысында 40 градус қатты аяз күтіледі. 12-13 қаңтарда түнде Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 30-31 градус қатты аяз күтіледі. 12-13 қаңтарда түнде Жетісу, Алматы облыстарының солтүстігінде, таулы аудандарында 30-33 градус қатты аяз күтіледі.