Қазақстанда шетелдік көлікті сақтандыруға тыйым салынады
Қазақстанда шетелдік көлікті сақтандыруға тыйым салынады
457
оқылды
 12 қаңтардан бастап елімізде шетелден әкелінген көліктерді сақтандыруға тыйым салынады. Бұл туралы Kolesa.kz сайтына хабарлайды.
«Енді ел тұрғындары басқа мемлекетте тіркелген автомобильді сақтандыру полисі арқылы жүргізе алмайды. Бірақ 12 қаңтарға дейін рәсімделген полистер мерзімі аяқталғанша жарамды болады. Президент Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енетін өзгерістер мен толықтырулар туралы заңға қол қойды. Ол биыл 12 қаңтарда күшіне енеді. Оның ішінде көлік иелерін міндетті сақтандыру және «Жол жүрісі туралы» заңдарға енген өзгерістер де бар», - деп жазады портал.
Осылайша, 12 қаңтардан бастап сақтандыру туралы заңның 10-бабы 5.2-бөліммен толықпақ. ««Жол жүрісі туралы» заңға да өзгеріс еніп, ол бойынша шетел азаматы немесе біздің елде азаматтығы жоқ кісі жүргізетін, Қазақстаннан тыс жерде тұратын тұлғаға тиесілі, елімізде тіркелмеген және уақытша кірген автомобиль халықаралық қозғалыстағы көлік деп танылатын болады. Мұндай машина бір жылға дейін біздің елде еркін жүре алады, одан кейін 30 күнге елден шығарылып, қайта кіргізуге болады», - деп жазылған аталмыш бапта.