Дәрігерлер Қарағандыда жарылыстан зардап шеккен тұрғынның денсаулығы туралы айтты  

Дәрігерлер Қарағандыда жарылыстан зардап шеккен тұрғынның денсаулығы туралы айтты  

Қарағандыда көпқабатты үйде жарылыс болып, 3 адам қаза тапты. Балконнан құлаған бір адам ауруханаға түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жарылыс болған үйдің 8-қабатындағы балконнан құлаған тұрғынның жағдайы орташа ауыр, жамбас сүйектері сынған.

– «Науқастың жағдайы орташа ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр. Есін біледі. Дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр. Науқаста кеуде қуысының жабық жарақаты, жіліншік сүйектері сынған», – деді дәрігерлер.
Бұған дейін Қарағандыдағы жарылыс туралы жазған болатынбыз.