Астана әуежайында 23 рейс кешігіп жатыр

Астана әуежайында 23 рейс кешігіп жатыр

Астана халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ұшып келетін 14 рейс, ұшатын 9 рейс кешіккен. Себебі, ауа райының қолайсыздығынан ұшақтардың кеш келуі. Әуежайда қар күреу, ұшу-қону жолағын үздіксіз тазалап жатыр.

«Шұғыл ақпаратты әуекомпаниялардың call-орталықтарынан, сондай-ақ әуежайлардың анықтама орталығынан білулеріңізді сұраймыз» делінген ресми хабарламада.