Борышкерлерден банкроттық туралы өтінішті қабылдау қашан басталады?

Борышкерлерден банкроттық туралы өтінішті қабылдау қашан басталады?

Қордаланған қарызы көбейген азаматтардың құқын қорғау үшін биылдан бастап жаңа заң күшіне енді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.    Бүгін Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев банкроттық туралы өтінішті 2023 жылдың 3 наурызынан бастап жазуға болатынын айтты.

– «2022 жылғы 30 желтоқсанда «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін және банкроттығын қалпына келтіру туралы» заңға қол қойылды. Заң 1 қаңтарда ресми түрде жарияланды. Банкроттық туралы өтініштерді қабылдау 3 наурыздан басталады», – деді Қаржы министрі.
Заңда рәсімдердің үш түрі қарастырылған: – соттан тыс банкроттық; – сот арқылы банкроттық; – қабілеттілігін қалпына келтіру. Банроттыққа қарыз алушының өзі ғана бастамашы бола алады. Сондай-ақ азаматтарды қаржылық сауаттылығын арттыру үшін міндетті түрде курстан өткізу жоспарда бар.