Қарағандыда 16 қабатты үйдегі өртте қаза тапқан адам туралы мәлімет тарады

Қарағандыда 16 қабатты үйдегі өртте қаза тапқан адам туралы мәлімет тарады

Қарағандыда көпқабатты үйде алапат өрт болды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, апат болған үйде табиғи газ болмаған. Өрт кезінде 43 жастағы ер адам балконнан құлап, аулада тұрған жеңіл  көліктің үстіне түскен. Instagram-дағы «Патриот» парақшасы жариялаған деректе өрт шыққан үйдің қожайыны зейнет жасындағы полковник болған. Zakon.kz-тің жазуынша, үй иесі ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында ұзақ жылдар бойы қызмет еткен. Сол күні үйде оның әйелі, ұлы және 74 жастағы ағасы болған. Терезеден құлаған 1979 жылы туған ер адам аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Қарағанды қаласының ТЖ басқармасының дерегінше, пәтерде газ жарылмаған. Өрттен сол пәтер ғана бүлінген. Көпқабатты үйде болған өрт дерегі бойынша, ҚК-нің 204-бабы 2-тармағына «Отпен немесе қауіптілігі жоғары өзгеде көздермен жұмыс істеу арқылы жасалған ауыр зардаптарға әкелген бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру» сәйкес, қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.