Тыңайтқыш аз, топырақ тозды
Тыңайтқыш аз, топырақ тозды
511
оқылды
Қазақстанда топырақты тыңайту ісінде мәселе өзекті. Өткен жұма күні Ауыл шаруа­шылығы министрлігінің алқа отырысына жиналғандар осы жайтты ортаға салды.  
Вице-министр Айдарбек Сапаровтың айтуынша, елімізде тыңайтқыш қолдану көлемі төмен. Негізгі себептің бірі – агрохимиялық картограммалар жасалмаған. Әсіресе, оңтүстік өңірлерде ол жоқтың қасы. «Сондықтан  2021 жылдан бастап субсидия алу үшін агрохимиялық картограмма (топырақтың өсімдіктер үшін сіңімді қоректік элементтермен қамтамасыз етілу дәрежесін түрлі-түсті көріністе көрсететін карта) болуы қажетін ұмытпаған жөн. Оған тек бір жыл қалды. Топыраққа агрохимиялық талдау жүргізу жұмыстарын жандандыру қажет», – деді ол.
Жыл сайын ауыл шаруашылығы өнімінің зиян­кестеріне қарсы күреске Үкіметтен қаржы бөлініп тұрғанымен дәрі-дәрмек, тыңайтқыштарды өз уақытында себу ісі дұрыс жүргізілмеуде. Мемлекеттік сатып алу ісінде де заңбұзушылықтар жиі тіркеліп жатады. 2017 жылы қарашада вице-министр Гүлмира Исаева шегірткеге қарсы қажетті препарат көлемі сатып алынбағанын мәлімдеп, жауапты комитет төрағасы қызметінен шеттетілгені есте. Айта кетейік, 2001 жылы Сток­гольм қаласында қабыл­данған конвенцияға сәйкес, гексахлоран, гептахлор, ДДТ секілді қуатты инсектицидтерді пайдалануға 200-ден астам елде тыйым салынған. Бірақ оған Қытай, Таиланд, Үндіс­тан секілді қол қоймаған мемле­кеттер де бар. Ал біздің елге ҚХР-дан ауыл­шаруашылық өнімдері көптеп келетіні белгілі. Осыдан екі жыл бұрын ШҚО-ның Бесқарағай ауданында Қытайдан пести­цид­тердің заңсыз әкелініп, 14 754 гек­тар жерге себілгені үлкен шу тудырған еді. Жалпы, шегіртке және өзге де зиянкестермен күресудің екі жолы бар. Біріншісі – химиялық жол­мен, пестицидтер арқылы, бірақ оның жәндіктен бөлек, адамға да зияны көп. Бұған қоса, зиянкестер белгілі бір препаратқа бейімделіп алуға да қабілетті. Екінші жол – микробиологиялық: зиянкестер­ге ауру жұқтыратын бактериялар мен саңырауқұлақ спорасын қол­дану. Бұл тәсілдің адам ағзасына қаупі жоқ. Рас, бір жағынан пестицидсіз егістік алқаптардан үлкен өнім алу да күрделі мәселе. Өйткені түрлі зиянкес жәндіктер басып кету қаупі бар. Онсыз ауыл ша­руа­шы­лығынан мол өнім ала алмайсыз. Екіншіден, қазіргі күні химиялық дәрі-дәрмек, тыңайт­қыш – биз­нестің көзі. Осы­дан да болар, 2010-2014 жылдары ауыл шаруашылы­ғында егістік алқап­тарының кө­лемі өзгерме­ге­німен, оған себі­летін улы хими­каттар – пестицид­тер көлемі 4 есе өскен. Оны сату­мен айналысатын же­кеменшік ком­паниялар жарна­масын қаты­рып, арзан өнімді кө­бірек өткізуге тырысады. Ал оларды анықтап, ажыратуға фер­мерлердің арнайы білімі жоқ. Яғни, егістік шаруа­шылығында агроном ма­манның тапшылығы да осыдан көрініп тұрғандай. Өкінішке қарай, топыраққа себіліп жатқан түрлі тыңайтқыш пен пестицидтің зиянын, кері әсерін толық анықтайтын Ресей мен Украинадағыдай токси­ко­логиялық орталық біздің елде жоқ. Жекелеген лабораториялар бол­ғанымен пестицидтер жиын­тығын түгел зерттеп, зерделейтін арнайы маманданған қызмет­керлер аз. Алқа отырысында осы проблема да ай­тылды. Ауыл ­ша­руашылығы вице-министрі А.Сапаров жаңа агро­хи­миялық зертханалардың құрылысы жос­парланып жатқа­нын, Қостанай мен Петропавл қа­лаларында заманға сай автомат­тандырылған әрі жабдықталған зертханалар іске қосылғанын жеткізді.
Вице-министр келтірген мә­ліметке сәйкес бүгінгі күні дәнді дақылдар егісінде тат және сеп­ториоз кең таралған. Олардың өршуі егіннің 40 пайыз бөлігінің жоғалып, өсімдіктердің толық жо­йылуына әкелуі мүмкін. Сол се­бепті облыс әкімдіктері осы бағыт­та белсенді ақпараттық жұмыс жүргізуі керек. «Зиян­кес­тер мен ауруларға қарсы күрес – өзекті мәселелердің бірі. Дер ке­зінде таралу ошақтарын анық­тау және химиялық өңдеулер жүргізу – өнім мен оның сапасы­ның едәуір тө­мендеуінің алдын алады. Жыл сайын оларға қарсы күреске ора­сан зор бюджет қара­жаты бөлін­генімен, тиімділігі ша­малы. Мә­селен, укекіренің (горчак) таралу алқабы азаймай келеді», – деді ол.
Алқа отырысында айтылған жаңалықтың бірі – биылдан бас­тап пестицидтердің барлық түріне субсидия беріледі. Бұл ретте суб­сидиялау зияндылықтың эконо­микалық шегін ескере отырып жүзеге асырылады.      width= Абдолла САПАРОВ, Ө.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және  агрохимия ғылыми-зерттеу институтының директоры,                                                                                      академик:  – Біздің жеріміздің топырағы өзге ел­дердің топырағына қарағанда нәзіктеу, шө­лейтті, деградацияға бейім топырақ. Қазіргі таңда топырақтың деградацияға ұшырауы 76%-ды құрайды. Оның ішінде 180 млн гек­тар жердің 26%-ы қатты деңгейде, яғни шөп шықпайтын қу тақырға айналған. Жалпы, алғанда жеріміздің топырағының құрамында қарашірінді азайып кетті. Бұл –70% деңге­йінде. Енді не істеу керек? Біріншіден, топырақтың құрамын, құ­нарлы­лығын зерттеп барып, нақты бағасын беруіміз қа­жет. 2003 жылы Дүниежүзілік банктің мәліметіне сү­йенсек, Ресейде 1 га жерге 15,2 келі, Австралияда – 50,9 келі, Бразилияда – 175 келі, Германия­да – 253 келі, Беларусьте 256 келі бөлінген. Ал біздегі орташа өлшем гектарына 5,5 келі айналасында ғана. 1986 жылы Қазақстанда 1 га жерге 29 келі тыңайтқыш себіліпті. Міне, осы көрсеткішке жетпей өнім ала алмаймыз және топырақты да сақтай алмаймыз.    width= Валерий ӘЖБЕНОВ, биология ғылымдарының докторы,  профессор, академик: – Вице-министрдің ай­тып отырғаны рас. Соңғы кез­де Қазақ­станда жатаған кекіренің (горчак) та­ралуы қауіпті сипат алды. Жатаған кекі­ре­нің масштабты экспансиясы неге байл­а­нысты? Себебі күрделі мәселені шешу үшін жүйелі шаралар жоқ. Талдау көрсеткендей, карантинді обьектті бақылау мен өңдеу фитосанитарлық тәуекелге тепе-тең емес. Мысалы, жатаған кекіре ошақтарын басу үшін қазіргі өңдеулер көлемі өте аз, ал гер­бицидтердің 100% биоло­гиялық тиімділігімен 22-25 жыл керек бо­лады. Салыстыру үшін Ресейде ауылшаруа­шы­лық жерлер бізден 7-8 есе көп, бірақ кекіренің таралуына өте көп мән беріледі. Мемлекеттік бюджет есебінен жасалатын ка­рантинді арам­шөп­терге қарсы гербицид­тер­ді тендерде сатып алу, нәтижеге емес, тө­мен бағаға бағытталған. Арзан бағалы пре­параттардың жеткіліксіз тиімділігі арам­шөптің өңдеуден кейін сол учаскелерде қайта шығуына және қатты өсуі­не әкеледі, нәтижесінде жойылған ошақтар жоқ жерден пайда болады.   Бауыржан БАЗАР