Тұңғыш президентті жауапқа тартуға бола ма?
Тұңғыш президентті жауапқа тартуға бола ма?
Фото: elorda.info
685
оқылды
Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесіне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлады Halyq Uni. Мәжілістің жалпы отырысынан шыққан депутатқа журналистер сұрақ қойды. «Экс-президент мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда оны қылмыстық тұрғыда қудалауға бола ма? Егер Нұрсұлтан Назарбаевтың Қаңтар оқиғасына қатысы болса, Ата Заңның 46-бабына сүйеніп, оны қылмыстық жауапкершілікке тартуға бола ма?» – деді БАҚ өкілі. Арман Қожахметов мұндай жағдайда экс-президентті жауапқа тартуға болатынын жеткізді.
– Менің ойымша, болады, – деді ол.
Айта кетейік, Конституцияның 46-бабына сәйкес, Қазақстан президентіне (экс-президентіне), оның абыройы мен қадір-қасиетіне ешкімнің тиісуіне болмайды. Сондай-ақ экс-президент пен оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және қорғау мемлекет есебінен жүзеге асырылады. Еске салайық, бүгін Тұңғыш президент туралы заңның күші жойылды.