Бір тәулікте 60 адам коронавирус жұқтырған – Оңтүстік Корея

Бір тәулікте 60 адам коронавирус жұқтырған – Оңтүстік Корея

Соңғы тәулікте Оңтүстік Кореяда 60 адам коронавирус жұқтырған, – деп хабарлайды Yonhap-ға сілтеме жасаған «Қазақпарат». Осы уақытқа дейін 893 адам дертке шалдыққан. Бүгінгі күнге дейін 8 адам коронавирустан қайтыс болған. Үкімет елдегі екі аймақ вирустың ошағына айналғанын мәлім етті, олар – оңтүстік-шығыстағы Тэгу қаласындағы діни секта, ал екіншісі – көршілес орналасқан Чхондо штатындағы аурухана. Онда инфекция жұқтырғандар саны өте жылдам өсіп жатыр. Айта кетейік, Оңтүстік Кореяда коронавирусқа шалдыққандардың жартысынан астамы аталмыш аймақтарда тұрады. Соңғы бір күнде ауру жұқтырған 60 адамның 49-ы - Сеулден 300 шақырым қашықтықта орналасқан Тэгу қаласы мен көршілес Солтүстік Кёнсан провинциясының тұрғындары. Ірі провинциялар мен қалалардың бәрінде дерлік вирус жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркелген. Кореялық аурулардың алдын алу және бақылау орталығының (KCDC) мәліметінше, Сеулде екі адам қатерлі дертке шалдықса, Пусанда – 3 адам, Кёнги провинциясында – 5 адам ауру жұқтырды. Айта кетейік, Оңтүстік Корея билігі күні кеше коронавирус жұқтырғандар саны рекордтық деңгейге жеткенін жариялады.