Павлодарда көлікжайда тұрған екі көлік жанып кетті
Павлодарда көлікжайда тұрған екі көлік жанып кетті
Фото: 24.kz
Павлодарда көлікжайда тұрған екі көлік жанып кетті, – деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.     Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 қаңтар күні сағат 03:47-де «101» пультіне Достоевский көшесі, 24 мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабар түскен.
«Жеке үйдің аумағында шатырдың ағаш құралымдары, жеке тұрған көлікжай, шеберхана жанды. Өрт сөндірушілер жеткенге дейін көлікжайдың ішінде екі көлік – 2021 жылы шығарылған «Hyundai Palisade» маркалы және 2015 жылғы «Соболь» ГАЗелі  жанып кетті», – дейді департаментте.
Өрттің жалпы ауданы 80 шаршы метр ауданды құрады. Өрт сағат 04:42-де оқшауланды, сағат 06:05-те толығымен өшірілді. Оқиға орнына Павлодар облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен жеті техника, 33 қызметкер және «102», «103» қызметтері жұмылдырылды.