Астанада құрылысы ұзаққа созылған 30 тұрғын үйдің жыры биыл бітпек
Астанада құрылысы ұзаққа созылған 30 тұрғын үйдің жыры биыл бітпек
©https://www.gov.kz/
346
оқылды
Астанада  құрылысы ұзаққа созылған 30-дан астам тұрғын үй кешені бар. Бұл дегеніміз – мыңдаған отбасының баспанасыз сандалуы. Соңы көрінбейтін кезекті тоқтатып, құрылыс нысандарының жұмысын бірізділікке қойып, уақыты аяқталуын қала әкімі Жеңіс Қасымбек талап етті. Тіпті, ол бірқатар құрылысы ұзаққа созылған нысандардағы жұмыс барысымен танысып, аралап шықты. Бұл жайында әкім өзінің Instagram парақшасында жариялады. Тұрғындармен, оның ішінде үлескерлермен тұрақты түрде кездесемін. Құрылысы ұзаққа созылған бірқатар ғимаратқа барып қаттым. Өздеріңізге мәлім, әр нысанның өз тарихы бар. Бірақ не десек те, олардың құрылысы бітпей келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Мәселен «Ақерке-2» тұрғын үй кешенінің тіпті іргетасы қаланбаған, ал «Пана» тұрғын үй кешенінің құрылысы 8 жыл бұрын басталған. [caption id="attachment_235644" align="alignnone" width="1200"]астана ©https://www.gov.kz/[/caption] Осыған дейін әкімдік құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау бойынша үлкен жүйелі жұмыс жүргізген болатын. Дегенмен қалған нысандарды аяқтау міндеті де мойнымызда тұр. 30-дан астам тұрғын үй кешенінің мыңдаған отбасы баспанасын күтіп жүргеніне қанша жыл болды. Осыны қолға алуымыз керек. Сондықтан құрылысы ұзаққа созылған әрбір нысанды аяқтау бойынша өзіндік жоспар бар. Соны қолға алуды тапсырдым. [caption id="attachment_235645" align="alignnone" width="1200"]астана ©https://www.gov.kz/[/caption] Қаланы аралау барысында донор-нысандардың құрылысымен таныстым. Олар ұзаққа созылған нысандардың құрылысын аяқтау үшін салынған қаражаттың қайтарымдылығын қамтамасыз етеді. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы Мемлекет басшысының бақылауында, – деді елорда әкімі.