Астанада құрылысы ұзаққа созылған 30-дан астам тұрғын үй кешені бар. Бұл дегеніміз – мыңдаған отбасының баспанасыз сандалуы. Соңы көрінбейтін кезекті тоқтатып, құрылыс нысандарының жұмысын бірізділікке қойып, уақыты аяқталуын қала әкімі Жеңіс Қасымбек талап етті. Тіпті, ол бірқатар құрылысы ұзаққа созылған нысандардағы жұмыс барысымен танысып, аралап шықты. Бұл жайында әкім өзінің Instagram парақшасында жариялады.
– Тұрғындармен, оның ішінде үлескерлермен тұрақты түрде кездесемін. Құрылысы ұзаққа созылған бірқатар ғимаратқа барып қаттым. Өздеріңізге мәлім, әр нысанның өз тарихы бар. Бірақ не десек те, олардың құрылысы бітпей келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Мәселен «Ақерке-2» тұрғын үй кешенінің тіпті іргетасы қаланбаған, ал «Пана» тұрғын үй кешенінің құрылысы 8 жыл бұрын басталған.
[caption id="attachment_235644" align="alignnone" width="1200"]