Ақмола полицейлері Бурабай ауданындағы оқу-сауықтыру орталығында жасөспірімнің өлімін тергеп жатыр.
Қайтыс болған бала Ақтөбе облысынан Бурабай ауданына 9 қаңтарда балалар тобының құрамында болған.«Биыл 11 қаңтар күні таңғы сағат 06.36 шамасында Бурабай ауданының полиция бөліміне жедел жәрдем станциясының фельдшерінен 2008 жылы туған кәмелетке толмаған баланың оқу-сауықтыру орталықтарының бірінің аумағында қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті», – деп хабарлады Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«10 қаңтардан 11 қаңтарға қараған түні кәмелетке толмаған бала ішінің ауырғанына шағымданған, ал таңертеңгі сағат 05:00 шамасында ауырсынудың күшеюіне байланысты кешеннің медициналық бөліміне жүгініп, жедел жәрдем шақырылған. Алайда жедел жәрдем келгенге дейін бала көз жұмған. Алғашқы тексеру кезінде жасөспірімнің зорлық-зомбылықтан қайтыс болуының сыртқы белгілері табылған жоқ», – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.Қазір оқушының өліміне қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Полицияның ақпаратына сүйенсек, 11 қаңтар күні жасөспірімнің неден өлгені белгілі болды: бала ағзасының қаны аз, кіші жамбасында қатерлі ісік болған.