2 облыста автожолдардың үш учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді
2 облыста автожолдардың үш учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді
237
оқылды
 Бүгін 20:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың үш учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Қазавтожол. Алматы облысында жолдың нашар көрінуіне байланысты жолдардың екі учаскесінде көлік қозғалысы шектелді: «Көкпек-Кеген-Түп» 0-72 км. Көкпек ауылы – Кеген ауылы учаскесі (көліктің барлық түрлеріне); «Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» 130-230 км. Байсейіт ауылы – Чунжа ауылы учаскесі (көліктің барлық түрлері үшін). Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты жолдың бір учаскесінде көлік қозғалысы шектелді: «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катон-Қарағай-Рахмановские ключи» 6-166 км. Ушановское ауылы - Алтай қаласы учаскесі (көліктің барлық түрлері үшін).