Қысқы универсиада басталды

қысқы универсиада

Бүгін АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында Қысқы универ­сиаданың жалауы көтеріледі.

Биыл отызыншы мәрте өтетін дүбірлі дода 12-22 қаңтар ара­лығын­да өтеді. Әлемдік додаға 50 елден 1 443 атлет қатысады. Сту­денттер спорттың 12 түрінен 86 жүл­де жиынтығын сарапқа сала­ды.

Бұл жарыста еліміздің намы­сын 78 спортшы қорғайды. Бұған дейінгі универсиадаларда қазақ­стандық студенттер 2017 жылы жоғары нәтиже көрсетті. Еліміздің Алматы қаласында өткен бәсекеде олар 11 алтын, 8 күміс пен 17 қола олжалады. Нәтижесінде, барлығы 36 медальмен Қазақстан жалпы­командалық есепте екінші орын алды.

Биыл отызыншы мәрте өтетін дүбірлі дода Qazsport арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Көр­сетілім кестесі телеарнаның әлеу­меттік желілеріне күнделікті жа­рия­ланады.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.