Газдың бағасы реттеледі
Газдың бағасы реттеледі
261
оқылды
Палата Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Мәжілістің жалпы отырысы өтті. Депутаттар 13 жаңа заң жо­басын жұмысқа қабылдап, сұ­йылтылған газ айналымын реттеу процестерін реинжинирингке енгізу мәселелері бойынша түзе­тулерді, сондай-ақ екі ратифика­циялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Мәжілістің жалпы отырысы Елнұр Бейсенбаевтың Мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені қараудан басталды. Па­лата Спикері Ерлан Қошанов оған еңбегі үшін алғыс айтып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі. Жалпы отырыста Мәжіліс комитеттері 13 заң жобасын жұ­мысқа қабылдады. Олардың қа­тарында Үкімет сағатында тал­қыланған Әлеуметтік кодекс жо­басы, жылу энергетикасы туралы, Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару және соған байланысты өзгерістер мен толықтырулар ту­ралы, кейбір заңнамалық акті­лерге әлеуметтік қамсыздандыру және жол қозғалысын ұйым­дас­тыру мәселелері бойынша өзге­рістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары бар. Сонымен қатар мәжілісмендер Әкімшілік және Салық кодекс­теріне, кейбір конституциялық заңдарға өзгерістер мен толық­тыруларды, сондай-ақ бірқатар ратификациялық заң жобасын жұмысқа алды. Мәжіліс сұйытылған газ айна­лымын реттеу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы бойынша жұмыс то­бының жетекшісі Екатерина Смышляева баяндама жасады. Ол сұйытылған мұнай газы­ның бағасы 2022 жылдың қаңта­рында наразылық шеруіне түрткі болғанын атап өтті.
– Қаңтар оқиғасынан кейін Мемлекет басшысы газ саласын сапалы қалпына келтіруді тап­сырды. Бұл заң жобасы – оның кезеңдерінің бірі. Ол саланы ба­рынша автоматтандыру және цифрландыруды реттеуге мүмкін­дік береді, – деді Е.Смышляева.
Сондай-ақ депутаттар заң жобасында өндіруші мен бөлшек сауда арасындағы бағаны теңес­тіру мүмкіндігі қарастырылға­нын атап өтті. Жалпы отырыста үшінші ел­дермен өзара саудадағы техника­лық кедергілерді жою тәртібі жә­не шарттары туралы келісім және Қа­­зақстан мен Әзербай­жан ара­сын­дағы Өсімдіктер карантині және оларды қорғау сал­асындағы ын­ты­мақтастық ту­ралы келісім рати­фи­кацияла­нып, Сенатқа жолданды. Жиын соңында «Қазақстан Рес­публикасының Тұңғыш Пре­зи­денті – Елбасы туралы» Қа­зақ­стан Республикасы конститу­ция­лық заңының күшi жойылды деп тану туралы» конституциялық за­ңы­ның жобасы бойынша Қа­зақ­стан Рес­публикасы Парла­менті палата­ла­рының бірлескен комис­сиясы­ның құрамына Мәжіліс де­пу­тат­тарын сайлау мәселесі қаралды. Дауыс беру қорытындысы бойынша депутаттар заң жоба­сына депутаттардың ұсыныстарын қарау үшін Берік Бекжанов, Серік Ерубаев және Ерлан Смайылов­ты сайлады. Қосымша баяндама­шы болып Заңнама және сот-құқық­тық реформа комитетінің төра­ға­сы Арман Қожахметов та­ғайындалды.