«Үлкен дулыға» турниріне қатысады

Үлкен дулыға

Аустралия ашық чем­пионатының ұйымдастыру комитеті «Үлкен дулыға» турниріне қатысатын ойын­шылар тізімін жариялады.

Жекелей сында Қазақ­стан­ның барлық көшбасшы теннис­шілері Елена Рыбакина, Алек­сандр Бублик және Юлия Пу­тинцева өнер көрсетеді. Оларға іріктеу сайысында бақ сынап жатқан Тимофей Скатов пен Михаил Кукушкин қосылуы мүмкін. Ал жұптық сында Андрей Голубев пен Александр Недо­весов бақ сынайды.

Аустралия ашық чемпионаты 16-29 қаңтар аралығында өтеді.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.