Ақтауда жолақысы 70 теңгеге қымбаттайды
Ақтауда жолақысы 70 теңгеге қымбаттайды
Фото: Интернеттен алынды
136
оқылды
Ақтаудағы қоғамдық көліктердің 80% ескірген, – деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы. Қала аумағында 74 автобус жолаушыларды тасымалдайды. Оның көпшілігі ескі, автопарктер жекеменің меншігінде. Телеарнаның хабарлауынша, жергілікті билік жағдайды түзеу үшін биыл 18 автобус сатып алмақ. Жолақы наурыз айынан бастап 20 теңгеге көбейеді. Оған дейін барлық қоғамдық көліктерге электронды төлем қабылдау құралы орнатылуы керек.
Жолаушы тасымалдайтын компания директоры Руслан Ахметәбиев: «Жаңа автобустың қазіргі құны шамамен 40 млн теңгеден басталады. Бұл біз үшін тым қымбат. Екінші деңгейлі банктер мұндай жобаларды қаржыландыруға құлықсыз. «БРК-Лизинг» арқылы 18 автобус сатып алуға «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлескен жоба бар. Бұл ретте жолақы 80 теңге болады деп корпорация көрсеткен қаржы моделі үмітімізді ақтамайды. Бұл жоба экономикалық тұрғыдан кәсіпкерлер үшін тиімсіз», – дейді.
Қаладағы автобус парктері шығындарды өтеу үшін кәсіпкерлер былтыр көпбалалы аналар мен мүгедектердің тегін жүру мүмкіндігін де алып тастаған. Жеңілдікті 13 мыңнан астам қала тұрғыны 9 жыл бойы пайдаланып келген еді. Жолақының наурыздан бастап 50-ден 70 теңгеге қымбаттайтын болса, 40-50 мың теңге айлық алатын қарапайым тұрғындарға оңайға соқпасы анық.