Данияр Елеусінов карьерасын құрдымға кетірген өзінің менеджерлері екенін айтты
Данияр Елеусінов карьерасын құрдымға кетірген өзінің менеджерлері екенін айтты
662
оқылды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов карьерасын құрдымға кетірген өзінің менеджерлері екенін айтты, деп хабарлайды Meta-ratings.kz. 31 жастағы боксшы әлемдегі әйгілі промоутерлердің бірі британиялық Эдди Хирннен кетіп, Зия Алиевпен ғана жұмыс істей бастады. Осыдан кейін Данияр екі жылда тек бір ғана айқас өткізді, алайда ол чемпиондық жекпе-жек болатын. 2021 жылы желтоқсанда ол IBO белбеуін жеңіп алды, дегенмен ұзақ уақыт рингке шықпағандықтан чемпиондықтан айырылды.
"Менеджерлерімнің кінәсі. Олар Эддимен ары қарай жұмыс істеуден бас тартты. Содан кейін маған жекпе-жек ұйымдастырмады", - дейді Елеусінов.