Бір тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды?
Бір тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды?
Фото: m.ru24.net
250
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бір тәулікте 138 адам коронавирусқа шалдыққан. 12 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 343 адам коронавирустан (–2 198+ және 145 КВИ-) емделуде, оның ішінде, 231 пациент стационарда, 2 112 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 8 адамның жағдайы ауыр; • 5 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.