Пайда табам деген адамға мүмкіндік көп. Тек ақылыңды кәдеге жарата алсаң болғаны. Соған сай «қиыннан қиыстыра» білетіндер қазір түрлі пәндерден онлайн олимпиада өткізіп жүр. Қатысу – ақылы. Жүлдегерді анықтау жүйесі де қызық.
Онлайн олимпиада әсері
Олимпиада – салмағы ауыр сын. Қай жағынан алып қарасаңыз да, мәртебесі биік. Спортшылар бұл күнді 4 жыл күтеді. Жолдама алу үшін тер төгеді. Басқа жарыс олимпиаданың баспалдағы санатына кіреді. Сол сияқты пәндік олимпиаданың да мысы басым-ды. Оқу озаттары қатысу үшін барын салатын. Мектепішілік кезеңінен өтіп, аудандық сайысқа барудың өзі жетістік-ті. Әрі әр сыныптан ауданға бір оқушы баратын. Одан өтті дегеннің өзі білім биігін бағындырумен тең-ді. Ары қарай облыста мектеп намысын қорғайтынын білген оқушы етек-жеңін жинап «жүретін». Ал қазір ше? Бүгінде өзгеріс көп. Олимпиада ұйымдастыруға әркімнің қауқары бар. Содан ба онлайн олимпиада өткізу жиілеп кетті. Әр сайтта бағасы әртүрлі. Мәселен, edulife.kz сайтында пәндік олимпиада жарнасы – 300 теңге. Оқушылар 22 сабақтан білімін «сынап» көруіне болады. Қызығы, көркем еңбек пен өзін-өзі танудан олимпиада тапсырмасы бар. Ол аз десеңіз, АӘД-ден шамаңызды байқап көре аласыз. «Жаңаны тану керек» дегендей, сайтта көрсетілген нөмірге қоңырау шалдық. Өзін Айбек Қуандықұлы деп таныстырған азамат олимпиаданың бүге-шігесін түсіндірді. Онлайн олимпиаданың жүлдегері көп дегенді естігенбіз, дұрыс-бұрысын сұрап көрдік. Жеңімпаз ұпай саны бойынша анықталады-мыс. Сұрақтардың 70-80%-ына дұрыс жауап бергенге 3-орын, 80-90%-ын дәл тапқанға 2-орын және 90-100% көрсеткішке жеткендер 1-орын алады. Ал сұрақтары қандай дерсіз?Оффлайн олимпиададан айырмашылығы бар. Тапсырма тест, сәйкестендіру мен сұрақ-жауап түрінде беріледі. Оқушы бір пәнді 60 минут ішінде белгілейді. Оған қоса сұрақты кім дайындайтынын да сұрадық. Жоғары санаты бар мұғалімдер деп жауап берді. Оқушыдан бөлек, мұғалім қатысатын олимпиадасы тағы бар. Мұның тапсырмасын кім құрастыратынын білгіміз келді. «Тәжірибелі мұғалімдер бар ғой» деді де қойды. Ең керекті сауалды соңына қалдырдық. Аталған сайт берген диплом мен сертификат кәдеге жарай ма? Аттестацияға үлесі ше? Алған жауабымыз таңдандырды. Кәдеге жарайтын тұсы барын айтты.Мұндай олимпиададан аз қаржы жиналмасы анық. Соған қарай сыйлық пен диплом жайы бар. Байқаудың ноутбук, смартфон мен тағы басқа сыйлығы дайын екен. Бұл – бір ғана мысал. Ал ақшасын төлеп, сыйлық емес құр қағаз алатын қаншама интернет олимпиада бар. Онлайн дода көшін алғашқылардың бірі болып бастаған – ҚИО. Қазақстандық интернет олимпиаданың өз аудиториясы бар. Ақшасын бересің, қатысасың, жеңіске жетсең, поштаңа диплом жібереді. Мәз болып шығарып аласың. Оны мектепте арнайы жиын өткізіп табыстайды. Елордадан бәйге алғаның – мақтаныш. Ал түбінде пайдасы шамалы. Құны – 350 тг. Жеңімпаздар санынан көз сүрінеді. Мәселен, 1-орыннан – 6-ау, 2-орыннан – 9, 3-орынды 13 оқушы алуы мүмкін. Сондай олимпиада ұйымдастыратынның бірі – tarim.kz. Мысалы, бұл сайтта олимпиаданың 515 түрі бар. Бәрі мұғалім, оқушы мен студентке арналған. Қатысу жарнасы – 400 тг. 70 балдан асқандар жеңімпаз атанып, дипломға ие болады. Қалғандарына сертификат пен алғысхат беріледі. Ең қызығы, мына жазбаға назар аударыңыз. «Олимпиадаға бір пән бойынша бірден 5 оқушы (бір тапсырыс ішінде) даярлаған педагогтерге қоғам төрағасының атынан алғысхат беріледі». Төрағадан алғыс алуға ұмтылатын ұстазды көзге елестетіңіз енді. Қазақстанның әр өңірінде осы үшін оқушысын олимпиадаға қатыстырып, өзі атынан белгілеп жүрген мұғалім бар шығар, кім білсін?
Бағалы байқаудың бағасы
Мұндай мысалды тізе берсең, өте көп. Олимпиаданы былай қойғанда, онлайн байқаудың да басы қылтияды. Байқаудың бағасы да олимпиадаға қарағанда жоғары. Соған сай сыйлығы да қомақты дейді. Мәселен, жоғарыда атаған edulife.kz «Абай оқуларын» ұйымдастырып жатыр. Қатысу жарнасы – 800 тг. Абайдың бір өлеңін мәнерлеп оқып, WhatsApp-қа жіберсеңіз, жетіп жатыр. Жеңімпаздарға ноутбук, смартфон мен смартсағат беріледі. Ұйымдастырушы Айбек Қуандықұлының айтуынша, әділқазы алқасында мұғалімдер мен ақындар бар екен. Қай ақын деп сұрағанымызда, нақты түрін түстей алмайтынын айтты. Айта кетерлігі, жоғарыдағыға ұқсас байқаудың жүлдегеріне «сан жетпейді». Мәселен, yntymaq_online Instagram парақшасында да «Абай оқулары» өткен. Қысқаша айтқанда, 3 мың теңге төлейсіз де, жүлдегер атанасыз. Өйткені байқауда 36 қатысушыға бас жүлде, 1-орын – 38, 2-орын – 32, 28 оқушыға 3-орын берілген. Instagram парақшасында өздерін телевизиялық жобамыз деп көрсеткен олар ай сайын онлайн байқау ұйымдастырады. Әр оқушыдан 3 мың теңге алғанда қаншалықты табыс түсетінін ойлап көріңіз. Тоқтауы жоқ бұл не деген батпанқұйрық? Қазір әлеуметтік желіні ашып қалсаң, лоторея, марафон мен байқаудан көз сүрінеді. Бірі көлігін ойнатып, бриллиант таратып жатса, ендігісі қалай өмір сүру керегін үйретеді. Сан түрлі байқаудан аяқ алып жүре алмайсыз. Жеңілетін де, ұтатын да – халық. Бармағын шайнайтын да – солар. Ал бұған оқушыны араластыру, олимпиада атын жамылу қаншалықты дұрыс? Білім және ғылым министрлігінен сертификат алғандар ғана білімге қатысты байқау ұйымдастырса ше? Тесті құрастыратын, тексеретін, жүлде бөлетіндерден білім басқармасының хабары болса құба-құп емес пе? Немесе онлайн олимпиада өткізеді екен, онда тегін ұйымдастырсын. Мәселен, foxford.ru 44 елдің арасында тегін олимпиада өткізеді. Мұнда да диплом мен бағалы сыйлық беріледі. Әрі ағылшын тілінен өзіңді жақсы көрсете білсең, Мальтадағы тіл курсына қатысуың мүмкін.«Баланы – жастан» деген бар. Білімді де, білімге қатыстыны да түбінен зерттеген абзал. Жеңіл жолмен ақша табуды көздеген емес, саналы ұрпақ тәрбиелейтіннің ісі алға бассын. Жарна үшін олимпиада, байқау ұйымдастыратындарға тежеу салынса дейміз. Үздіктер ғана бақ сынайтын пәндік олимпиада онлайн олимпиаданың тасасында қалмасын деген тілек бар. Оффлайн олимпиададан айырмашылығы бар. Тапсырма тест, сәйкестендіру мен сұрақ-жауап түрінде беріледі. Оқушы бір пәнді 60 минут ішінде белгілейді. Оған қоса сұрақты кім дайындайтынын да сұрадық. Жоғары санаты бар мұғалімдер деп жауап берді. Оқушыдан бөлек, мұғалім қатысатын олимпиадасы тағы бар. Мұның тапсырмасын кім құрастыратынын білгіміз келді. «Тәжірибелі мұғалімдер бар ғой» деді де қойды. Ең керекті сауалды соңына қалдырдық. Аталған сайт берген диплом мен сертификат кәдеге жарай ма? Аттестацияға үлесі ше? Алған жауабымыз таңдандырды. Кәдеге жарайтын тұсы барын айтты.Мұндай олимпиададан аз қаржы жиналмасы анық. Соған қарай сыйлық пен диплом жайы бар. Байқаудың ноутбук, смартфон мен тағы басқа сыйлығы дайын екен. Бұл – бір ғана мысал. Ал ақшасын төлеп, сыйлық емес құр қағаз алатын қаншама интернет олимпиада бар. Онлайн дода көшін алғашқылардың бірі болып бастаған – ҚИО. Қазақстандық интернет олимпиаданың өз аудиториясы бар. Ақшасын бересің, қатысасың, жеңіске жетсең, поштаңа диплом жібереді. Мәз болып шығарып аласың. Оны мектепте арнайы жиын өткізіп табыстайды. Елордадан бәйге алғаның – мақтаныш. Ал түбінде пайдасы шамалы. Құны – 350 тг. Жеңімпаздар санынан көз сүрінеді. Мәселен, 1-орыннан – 6-ау, 2-орыннан – 9, 3-орынды 13 оқушы алуы мүмкін. Сондай олимпиада ұйымдастыратынның бірі – tarim.kz. Мысалы, бұл сайтта олимпиаданың 515 түрі бар. Бәрі мұғалім, оқушы мен студентке арналған. Қатысу жарнасы – 400 тг. 70 балдан асқандар жеңімпаз атанып, дипломға ие болады. Қалғандарына сертификат пен алғысхат беріледі. Ең қызығы, мына жазбаға назар аударыңыз. «Олимпиадаға бір пән бойынша бірден 5 оқушы (бір тапсырыс ішінде) даярлаған педагогтерге қоғам төрағасының атынан алғысхат беріледі». Төрағадан алғыс алуға ұмтылатын ұстазды көзге елестетіңіз енді. Қазақстанның әр өңірінде осы үшін оқушысын олимпиадаға қатыстырып, өзі атынан белгілеп жүрген мұғалім бар шығар, кім білсін?
Бағалы байқаудың бағасы
Мұндай мысалды тізе берсең, өте көп. Олимпиаданы былай қойғанда, онлайн байқаудың да басы қылтияды. Байқаудың бағасы да олимпиадаға қарағанда жоғары. Соған сай сыйлығы да қомақты дейді. Мәселен, жоғарыда атаған edulife.kz «Абай оқуларын» ұйымдастырып жатыр. Қатысу жарнасы – 800 тг. Абайдың бір өлеңін мәнерлеп оқып, WhatsApp-қа жіберсеңіз, жетіп жатыр. Жеңімпаздарға ноутбук, смартфон мен смартсағат беріледі. Ұйымдастырушы Айбек Қуандықұлының айтуынша, әділқазы алқасында мұғалімдер мен ақындар бар екен. Қай ақын деп сұрағанымызда, нақты түрін түстей алмайтынын айтты. Айта кетерлігі, жоғарыдағыға ұқсас байқаудың жүлдегеріне «сан жетпейді». Мәселен, yntymaq_online Instagram парақшасында да «Абай оқулары» өткен. Қысқаша айтқанда, 3 мың теңге төлейсіз де, жүлдегер атанасыз. Өйткені байқауда 36 қатысушыға бас жүлде, 1-орын – 38, 2-орын – 32, 28 оқушыға 3-орын берілген. Instagram парақшасында өздерін телевизиялық жобамыз деп көрсеткен олар ай сайын онлайн байқау ұйымдастырады. Әр оқушыдан 3 мың теңге алғанда қаншалықты табыс түсетінін ойлап көріңіз. Тоқтауы жоқ бұл не деген батпанқұйрық?Қазір әлеуметтік желіні ашып қалсаң, лоторея, марафон мен байқаудан көз сүрінеді. Бірі көлігін ойнатып, бриллиант таратып жатса, ендігісі қалай өмір сүру керегін үйретеді. Сан түрлі байқаудан аяқ алып жүре алмайсыз. Жеңілетін де, ұтатын да – халық. Бармағын шайнайтын да – солар. Ал бұған оқушыны араластыру, олимпиада атын жамылу қаншалықты дұрыс? Білім және ғылым министрлігінен сертификат алғандар ғана білімге қатысты байқау ұйымдастырса ше? Тесті құрастыратын, тексеретін, жүлде бөлетіндерден білім басқармасының хабары болса құба-құп емес пе? Немесе онлайн олимпиада өткізеді екен, онда тегін ұйымдастырсын. Мәселен, foxford.ru 44 елдің арасында тегін олимпиада өткізеді. Мұнда да диплом мен бағалы сыйлық беріледі. Әрі ағылшын тілінен өзіңді жақсы көрсете білсең, Мальтадағы тіл курсына қатысуың мүмкін.«Баланы – жастан» деген бар. Білімді де, білімге қатыстыны да түбінен зерттеген абзал. Жеңіл жолмен ақша табуды көздеген емес, саналы ұрпақ тәрбиелейтіннің ісі алға бассын. Жарна үшін олимпиада, байқау ұйымдастыратындарға тежеу салынса дейміз. Үздіктер ғана бақ сынайтын пәндік олимпиада онлайн олимпиаданың тасасында қалмасын деген тілек бар. Айбике ЖАНАСЫЛ