Тұңғыш Президент тағы бір атағынан айырылды
Тұңғыш Президент тағы бір атағынан айырылды
Фото: akorda.kz
736
оқылды
Қазақстанда бұдан былай «Құрметті сенатор» атағы ешкімге берілмейді. «Қазақпараттың» жазуынша, бұл туралы Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.
«Үш апта бұрын регламентті қарап, Сенаттың регламентіне тиісті өзгеріс енгізілді. Соның аясында біз «Құрметті сенатор» атағын регламенттен алып тастадық. Енді бізде ондай институт жоқ. 2022 жылы өткен референдумда бүкіл халық қолдап, Конституциядан Елбасына қатысты нормалар алынып тасталды. Ертең Тұңғыш Президент – Елбасы туралы заң күшін (Парламент палаталарының бірлескен отырысында) жояды», – деді М.Әшімбаев.
Кеше Конституциялық сот Тұңғыш Президент туралы заңның күшін жойғаны туралы хабарлаған болатынбыз.