Мемлекет басшысы «Жаһандық Оңтүстік дауысы» саммитіне қатысады
Мемлекет басшысы «Жаһандық Оңтүстік дауысы» саммитіне қатысады
Фото: akorda.kz
493
оқылды
13 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің шақыруымен «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне бейнебайланыс форматында қатысады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Саммит барысында дамушы елдердің мемлекет және үкімет басшылары қазіргі әлемнің өзекті мәселелерін шешу үшін күш-жігер біріктіру перспективаларын талқылайды.