Жетісу облысында ер адам ауылдасын өлтірді деген күдікпен ұсталды
Жетісу облысында ер адам ауылдасын өлтірді деген күдікпен ұсталды
Фото: infosmi.net
906
оқылды
Жетісу облысында ер адам ауылдасын өлтірді деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің дерегінше, оқиға Панфилов ауданында болды. 12 қаңтарда Пенжім ауылында зорлықтан өлген 28 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды. Күдікті ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді.
«Жәбірленушімен бір ауылда тұратын 33 жастағы ер адам ұсталды. Алкогольді бірге ішкен кезде ер адамдар жанжалдасып, төбелесте пышақ сілтегені алдын ала анықталды. Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды», – деді Панфилов ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Ернар Қалтаев.