Ақмола және Павлодар облыстарында бірнеше жол учаскесіне шектеу қойылды
Ақмола және Павлодар облыстарында бірнеше жол учаскесіне шектеу қойылды
Фото: inbusiness.kz
2,622
оқылды
Ақмола және Павлодар облыстарында бірнеше жол учаскесіне шектеу қойылды. Ауа райының күрт боран мен көрінудің шектелуіне автокөліктің барлық түрі үшін төмендегі тасжолдарда қозғалыс шектелді:
  • Астана – Ерейментау – Шідерті тасжолының Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі аралығы;
  • Астана – Ерейментау – Шідерті тасжолының Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі аралығы.
Жол қызметтері күшейтілген режимге көшірілді.
«Трассаның жабылуы туралы хабарламаны елемеген тұрғындар үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес,  30 AEK немесе 103 500 теңге айыппұлдан 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу жазасы бар екенін еске саламыз», делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.
Қосымша ақпарат алу үшін «ҚазАвтоЖолдың» тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығына 1403 қысқа нөмірі бойынша қоңырау шалу қажет.
«Республикалық трассалардың пайдаланушыларын ауа райы болжамын және жолдардың жабылуы туралы БАҚ арқылы таратылып жатқан арнайы хабармаларды жіті бақылауға шақырамыз», дейді жол қозғалысына жауаптылар.