Доллар бағамы 0,39 теңгеге қымбаттады
Доллар бағамы 0,39 теңгеге қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,39 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 462, 58 теңге. Ұлттық банктің 12 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 462, 20 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны –  6,69 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 463,5 теңге, сатып алу – 467 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 463,3теңгеден болса, сатып алу құны – 466,3 теңге. Ресей рублі 6,55 6, 85 теңге аралығында саудаланып жатыр.