Үздік ондық: 2022 жылы қазақстандықтар ең көп сатып алған кітаптар
Үздік ондық: 2022 жылы қазақстандықтар ең көп сатып алған кітаптар
696
оқылды
“Меломан” дүкендер желісінің сайты жанрлар бойынша 2022 жылдың үздік кітаптарын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz. «Меломан» оқырмандарының нон-фикшндарды таңдауы келесідей:
  1. Жолдыбайұлы Қ.: Kemel adam/Кемел адам
  2. Кунаев Д.: О моем времени. От Сталина до Горбачева
  3. Примаченко О. В.: С тобой я дома. Книга о том, как любить друг друга, оставаясь верными себе
  4. Орманбаева Д.: Ты не ушибся, сынок?
  5. Лабковский М.: Люблю и понимаю
  6. Қонаев Д.: Ақиқаттан аттауға болмайды
  7. Дюсембина Г. Ж.: Казахский язык? Легко! Самоучитель в 9-ти простых правилах
  8. Момышұлы Бауыржан: Психология войны
  9. Шустер Т.: Купи себе эти чертовы лилии. И другие целительные ритуалы для настройки своей жизни
  10. Мэнсон М.: Дневник пофигиста: Тонкое искусство пофигизма на практике
  «Меломанның» 2022 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық баспалардан шыққан үздік 10 кітап төмендегідей:
  1. Жолдыбайұлы Қ.: Kemel adam/Кемел адам
  2. Кунаев Д.: О моем времени. От Сталина до Горбачева/Қонаев Д.: Ақиқаттан аттауға болмайды
  3. Орманбаева Д.: Ты не ушибся, сынок?
  4. Дюсембина Г. Ж.: Казахский язык? Легко! Самоучитель в 9-ти простых правилах
  5. Момышұлы Бауыржан: Психология войны/Момышұлы Бауыржан: Соғыс психологиясы
  6. Хей Л.: Әйел даналығы. Бақытты өмір сүру нұсқаулығы
  7. Мұсабеков М.: Алтын Адам
  8. Үйренуге оңай қазақ тілі. Бастапқы деңгей
  9. Болат Д.: Өмірге шексіз ғашық
  10. Асемкулов Т., Наурзбаева З.: Субъект(-ив)ная казахская культура
Байқағандарыңыздай, екі рейтинг бойынша “Кемел адам” кітабы көш бастап тұр. Автор Қайрат Жолдыбайұлы бұл кітабында жан-жақты жетілген идеалды адамның қасиеттері мен ерекшеліктерін түсіндіре отырып, оқырманын “кемел адам” болуға шақырады. Кітаптың бірінші бөлімінде кемелденудің психологиялық кедергілері түсіндіріліп, түйіні тарқатылса, екінші бөлімде тән сау- лығының маңыздылығы, денсаулықты күтудің жолдары мен жай-жапсары баяндалады. Үшінші бөлімде уақытты тиімді пайдалану және жоспарлау тәсілдері мен тетіктері берілген. Төртінші бөлімде қаржылық сауаттылық жайлы түсіндіріліп, тапқан табысты нәтижелі жұмсаудың бағыт-бағдары айтылады. Ал бесінші, алтыншы бөлімде эмоциялық зерде, яғни байсалдылық танытып, көңіл-күй, сезімдерімізді басқару тәсілдері мен қарым-қатынас қағидалары жан-жақты түсіндіріледі. Әр бөлім мысалдар және рухани ұстын, қағидалармен бекітіліп отырады.