Маңғыстау облысында техникалық қызмет станциясындағы өрттен 1 адам қаза болып, үшеуі жарақаттанды
Маңғыстау облысында техникалық қызмет станциясындағы өрттен 1 адам қаза болып, үшеуі жарақаттанды
347
оқылды
Маңғыстау облысында техникалық қызмет көрсету орталығында болған өрттен 1 адам қаза болып, тағы 3 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
«12 қаңтар күні Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне сағат 18.20-да Ақтау қаласындағы техникалық қызмет көрсету орталықтарының бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өрт кезінде 6 тұрмыстық газ баллоны жарылды. Бұл ретте, өрт сөндірушілер өмірін қатерге тіге отырып, тағы 17 газ баллонын алып шықты. Жалын сағат 18.48-де ауыздықталды. От шарпыған аумақ – 50 шаршы метр. Оқиға салдарынан техникалық қызмет көрсету орталығының бір жұмысшысы (әйел) қаза болды. Үш ер адам күйік жарақаттарымен Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Өрт себебі анықталып жатыр», - деді Р.Иманқұлов.