300 млн төлеуге дайын: Арабиялық клуб Мессиге ұсыныс жасап жатыр
300 млн төлеуге дайын: Арабиялық клуб Мессиге ұсыныс жасап жатыр
427
оқылды
«Әл-Хилал» клубы аргентиналық жұлдыз Лионель Мессимен супер келісімшарт жасағысы келеді. Бұған дейін Криштиану Роналду Сауд Арабиясының клубына ауысқан болатын. 35 жастағы аргентиналық футболшы «Пари Сен-Жерменмен» жаңа келісім-шарт бойынша келіссөздер жүргізуде, бірақ мансабын Сауд Арабиясында жалғастыруы мүмкін.
«Әл-Насрдың Сауд Арабиясындағы басты қарсыласы «Әл-Хилал» клубы Лионель Мессиге қызығушылық танытып отыр және жылына кемінде 300 миллион доллар ұсынуға дайын», - деп жазады Mundo Deportivo.